| 
   Бөлім Қаржы-экономикалық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 
 Экономикалық-жоспарлау бөлімінің негізгі міндеттері: - университетті қаржыландыруды жоспарлау және оны ұйымдастыру, жыл сайынғы даму жоспарын, бағдарламаға сәйкес қызметтің барлық түрлері бойынша  кіріс пен шығыс сметаларын жасау;
 - білім беру және басқа да қызмет көрсету салалары бойынша экономикалық негізді калькуляциялар жасау, университеттің штаттық кестесін дайындау; - университеттің тәуелсіз активтері мен қаржысын қалыптастыру көздерін талдау арқылы оқу орнының негізгі қызметінің тиімді көрсеткіштерін анықтау. Бөлімнің негізгі қызметі:
 -	профессор-оқытушылар құрамының, қосалқы және әкімшілік-басқару, қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің штаттық санын анықтау және дайындау;
 -	бөлімдер жұмысының табыстылығы мен рентабельділігі коэффициентін анықтау үшін құрылымдық бөлімшелердің табысы мен шығысына талдау жасау;
 -	университеттің бюджетін жасау және оның орындалуын бақылау;
 -	даму жоспарына, кіріс пен шығыс сметасына ай сайын талдау жасау;
 -	университеттің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп дайындау;
 -	заңды және жеке тұлғалармен жасасқан шарттарды дайындауға және оны жүзеге асыруға (басқа да бөлімдермен бірге) қатысу;
 -	мәселе туғызып отырған жағдайларды жедел шешу үшін салық және қаржылық қызметтермен бірге өзара іс-қимыл жасау;
 -	университеттің есеп-шотына қызмет көрсететін банкілермен өзара қарым-қатынас жасау.
     |