қазақша · русский · english
 
 
 
27.11.2025


ТҮРКИЯДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІ
АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНЕ КЕЛДІ

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті мақұлдаған AP23488786 нөмірлі «Артбілім беру жүйесін трансдисциплинарлық зерттеу: мәдени жады мен ұлттық құндылықтар феномені заманауи контентте» атты 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес, қосдипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 25.11.25 жылы жобаның шетелдік кеңесшісі Акдениз университетінің (Түркия елі, Анталья қ.), Өнер факультетінен PhD докторы, қауымдастырылған профессор Мариям Езиевамен (Dr. Öğretim Üyesi Mariyam Yeziyeva) екі жақты ынтымақтастыққа қол қойылған меморандум келісімін Ғылыми-зерттеу қызметі мен инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтанға ресми түрде табыстады.


Аталған іс-шараға Білім беру бағдарламаларын талдау департаментінің директоры Нұржамал Ошанова, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Баян Сапарғалиева мен ғылыми жобаның жетекшісі Лаура Какимова қатысуымен өтті.


Тараптар қосдипломды бағдарламаларды одан әрі дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын кеңейту, халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыру және ғылыми ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.


«7М01402 - Музыкалық білім» және «7М02125 - Дизайн (киім дизайны)» білім беру бағдарламалары мен Ақдениз университетінің «Музыка» және «Дизайн» магистратура бағдарламалары бойынша қосдипломдық бағдарламаны табысты жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандум жаңартылып, алдағы кезеңдегі жұмыстардың нақты жоспарлары айқындалды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

                                        alt=




Кері оралу