DAAD халықаралық жобасы аясындағы ғылыми іссапар
2025 жылдың 9-15 қазаны аралығында ДААД-тың «The Network on International Education in South Caucasus and Central Asia at the Intersection of Educational Spaces» атты халықаралық ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде музыка білім беру және хореография кафедрасының профессор м.а., п.ғ.к. Ибраева Камарсулу және 6В01402-Музыкалық білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Акжол Муслим п.ғ.д., профессор Әбдіғапбарова Ұ.М. жетекшілік ететін зерттеу тобының құрамында Германияның Нюрнберг қаласындағы Фридрих-Александр университетіне (FAU) барып қайтты.
Бағдарламаға жетекші ғалымдардың дәрістері, тақырыптық топтардағы жұмыс, Монтессори мектебінің мысалында Германияның білім беру жүйесімен танысу, сондай-ақ Нюрнберг қаласының ұлттық мұражайлары мен мәдени көрікті жерлерімен танысу кірді. Жұмыс барысында Германия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан университеттері арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамыту мен білім беруді интернационалдандырудың өзекті үдерістері контексінде мәдениаралық диалогты нығайту мәселелері талқыланды.
Жобаға қатысу академиялық ұтқырлық, бірлескен зерттеулер жүргізуге және халықаралық білім беру саласында тәжірибе алмасуға кең мүмкіндіктер береді.
