Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдарының Түркияға ғылыми іссапары
2025 жылғы 13-19 қазан аралығында «АР234888786 - Арт білім беру жүйесіндегі трансдисциплинарлық зерттеу: мәдени жады мен заманауи контенттегі ұлттық құндылықтар феномені» атты ғылыми жоба аясында Музыкалық білім және хореография кафедрасының оқытушылары - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Какимова Л.Ш. (жоба жетекшісі), педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Ибраева К.Е., педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Балагазова С.Т. - Анталия қаласындағы Акдениз университетінің Өнер факультетінде іссапарда болды.
Іссапардың мақсаты - магистратураның қосдипломды білім беру бағдарламаларының мазмұнын талқылау және «International Science, Technology and Art» атты II Халықаралық конгреске қатысу.
Сапар барысында ғалымдар Акдениз университетінің халықаралық бөлімінің жетекшілері мен қызметкерлерімен - профессор Ирфан Турхан, Эмел Акташ, Гёзде Нур Инджирбелен, сондай-ақ Өнер факультетінің деканы профессор, PhD Сибель Пашаоғлу Өндем және Музыка кафедрасының меңгерушісі профессор, PhD Дженгиз Шенгүлмен кездесті. Кездесу барысында екі университет арасындағы ынтымақтастық туралы ресми құжаттар - жоғары оқу орындары арасындағы Ынтымақтастық Хаттамасы, білім, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандум, сондай-ақ магистратура бойынша қосдипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу хаттамасы талқыланып, мақұлданды.
2025 жылғы 15 қазанда екі университеттің өнер факультеттері басшылығының онлайн және офлайн қатысуымен Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарда ғылыми іссапардың нәтижелері, қол жеткізілген келісімдер мен өнер білім беру саласындағы әрі қарайғы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.
2025 жылғы 17-19 қазан аралығында оқытушылар (Сиде - Анталия) қаласында өткен «International Science, Technology and Art» II Халықаралық конгресіне қатысты. Жоба жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Какимова Л.Ш. «Cultural memory and national values as the foundation of a transdisciplinary approach in the training of master`s students in the field of art education» тақырыбында баяндама жасап, ол Түркия, Германия және басқа елдердің ғалымдарының зор ғылыми қызығушылығын тудырды.
Іссапар қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушыларына Конгресс ұйымдастырушылары мен Акдениз университеті басшылығы тарапынан Сертификаттар мен Алғыс хаттар табысталды.
 
 
  
  
 
  
  
 
 
 
 