қазақша · русский · english
 
 
 
03.10.2025

Өнер факультетінде Педагогикалық инновациялар және Action Research орталығының оқыту семинары өтті


02.10.2025 жылы Өнер факультетінде педагогикалық және педагогикалық емес мамандықтар үшін Lesson Study және Action Research әдістерін қолдана отырып, «Дипломдық жұмысты жазу және дипломдық жобаны қорғау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында дипломдық жұмысты жазу мен қорғауда тиімді қолдануға болатын жаңа ғылыми әдіс-тәсілдермен танысу мүмкіндігі берілді.

 

Доктор Клеа Фернандестің түсіндірмелері кәсіби тұрғыда маңызды тәжірибе болып, студенттердің ғылыми ізденісіне тың серпін берді. Осындай халықаралық деңгейдегі маманнан білім алу - үлкен мүмкіндік әрі болашақ мамандардың кәсіби өсуіне зор септігін тигізеді.

 

Семинарды ҚазҰПУ им. Абай атындағы ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Айман Берікханова ашты. «Педагогикалық инновациялар және Action Research орталығы» курсының кураторы Гүлназ Сарсенбаева «Дипломдық жоба/жұмыстарды Action Research немесе Lesson study форматында жүргізу» презентациясын ұсынды.Сондай-ақ Өнер факультетінің менторлары - философия докторы, профессор Онал Әбішева, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Лаура Қакимова және оқытушы Айғали Насипқалиұлы қатысты.

 

 

  alt=  

  alt=  




Кері оралу