Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы | ![]()
12.09.2025
К.Байсеитова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетіндегі докторлық диссертация қорғау өтті 2025 жылғы 12 қыркүйекте Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің 8D01401 - «Музыкалық білім беру» / 8D01402 - «Музыкалық орындаушылық және педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінің отырысында Кулданов Наурыз Талғатұлының «Вокалды оқыту үдерісінде болашақ музыкалық білім бакалаврларының креативтілігін дамыту» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін жазылған диссертациялық жұмысының қорғауы өтті. Кулданов Наурыз Талгатович 8D01402 - «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқыған алғашқы докторант. Оның диссертациялық еңбегі өзекті ғылыми мәселелерді қамтып, ізденушінің көпжылдық еңбегінің, ғылыми ізденісінің және Қазақстандағы музыкалық білім беру саласына қосқан үлесінің нәтижесі болып табылады.
Диссертациялық кеңес төрағасы: Хусаинова Гүлзада Ануаровна - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор (Астана қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер: 1. Балағазова С.Т. - педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан); 2. Малахова И.А. - педагогика ғылымдарының докторы, доцент, Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университеті (Минск қ., Беларусь).
Ресми рецензенттер: 1. Нагымжанова Каракат Мукашовна - педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Психология» кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан). 2. Кожебаев Дархан Ержанович - PhD, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, «Музыкалық орындаушылық және педагогика» кафедрасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан). Қорғауға Түркия, Украина, Беларусь елдерінің ғалымдары ресми және бейресми рецензент ретінде қатысты.
Диссертациялық кеңес Кулданов Наурыз Талғатовичке философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы оң шешім қабылдады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|