Педагогика және психология кафедрасы | ![]()
02.09.2025
Психологиялық қолдау қызметінің психолог мамандары «Өмір – ең жақсы құндылық» атты курсқа қатысты 2025 жылдың 29 тамыз күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Сана» зияткер жастар мектебі қоғамдық қоры Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінде жұмыс жасайтын психологтар мен студенттік топтардың кураторлары үшін «Суицидтің алдын алу», «Жаман әдеттердің алдын алу», «ЖЖБИ сырқаттанушылығының алдын алу», «Жыныстық тәрбие» тақырыбында кәсіби курс ұйымдастырды.
Курстың мақсаты - Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледждеріндегі психологтар мен студенттік топтардың кураторларына суицидтің, нашақорлықтың, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар сырқаттанушылығының алдын алу, сондай-ақ жастарға дұрыс жыныстық тәрбие беру салаларында кешенді білім мен дағдылар беру. Бұл курс психологтар мен кураторларға жастармен тиімді жұмыс жасауға, олардың психикалық және физикалық денсаулығын нығайтуға, өмірлік маңызды құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік береді.
Курсты Айжан Кажимова, Салтанат Нурпеисова, Мануель Мартинез және Айгерім Маратқызы жүргізді. Курс соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Психологиялық қолдау қызметінің психолог мамандары Саида Қосбай, Алия Мусанова және Әсел Жусупекова да осы курсқа белсенді түрде қатысты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|