қазақша · русский · english
 
 
 
24.01.2024

Жаратылыстану және география институтының 3-курс студенттері үшін педагогикалық практиканың таныстыру конференциясы

 

2024 жылдың 22 қаңтарында Жаратылыстану және география институтының «6В01510-Химия», «6В01511-Химия», «6B01512-Химия-биология», «6В01513-Биология», «6В01514-Биология», «6В01515-География», «6B01516-География-тарих» білім бағдарламаларының 3 курс студенттері үшін педагогикалық практиканың таныстыру конференциясы өтті. Конференцияға институт директорының орынбасары Н.С.Жусупбекова, 3 курс студенттері, педагогтар, педпрактикаға жетекші-әдіскерлер қатысты.

 

Конференцияда оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Н.С.Жусупбекова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.К.Жампеисова студенттерді педпрактиканың басталуымен құттықтады. Студенттерге практика барысында педагогикалық және әдістемелік жұмыстарды орындау дағдысын қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман болуларына тілек білдірді.

 

Конференцияда практикаға жауапты Г.С.Камиева студенттерге педагогикалық практиканың мақсат-міндеттерін, мерзімін, құжаттарын рәсімдеуді және практиканың жетекшілерін, педагог-психологтарын таныстырды. Конференция барысында студенттер өздерін толғандыратын сұрақтарына жауаптарын алды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу