қазақша · русский · english
 
 
 
08.12.2023

Алматы қаласының №178 лицейінде Абай университетінің биология кафедрасының филиалы ашылды

 

Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған лицейде 2023 жылдың 7 желтоқсанында Абай атындағы университеті Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының филиалы ашылды.

 

Мақсаты - жоғары оқу орыны білім алушыларының теориялық білімдерін практикада бекіту, кафедра филиалын лицей мұғалімдері мен институт профессор-оқытушылар құрамының тәжірибе алмасу алаңына айналдыру.

 

Іс-шараға институт директоры Куләш Каймулдинова, «Мансап» орталығының жетекшісі Сауле Калибекова және кафедраның профессор оқытушылары қатысты. Кафедра филиалының ашылуына ықпал болған лицей директоры Кайратбек Шадиевке және лицей ұжымына алғысымызды білдіреміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу