қазақша · русский · english
 
 
 
24.11.2023

Алматы қаласы Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияда әдістемелік семинар өтті

 

2023 жылыдың 22 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының «Биология» кафедрасының оқытушылары Гаухар Абдикаримова, Гүлжанат Камиева және 4-курс «6В01513-Биология» ББ білім алушылары Тілекші Бекмурзина мен Ақерке Бақтыбайқызы Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия мұғалімдеріне «ХХІ ғасыр дағдылары: сабақта қалай дамыту және бағалау керек» тақырыбында семинар өткізді және дидактикалық материалдар көрмесін ұйымдастырды.

 

Спикерлер сабақта ХХІ ғасыр дағыдыларын дамыту жолдары, заманауи әдістер мен платформаларды қолдану мүмкіндіктері, олардың практикалық маңызына тоқталды.

 

Семинар соңында Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның оқу ісінің меңгерушісі Жанна Оспанбаева университет оқытушылары мен білім алушыларына алғысын білдіріді, дидактикалық материалдар көрмесінің де маңыздылығын атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу