қазақша · русский · english
 
 
 
14.06.2023

3-ші курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы

 

2023 жылғы 12 маусымда Жаратылыстану және география институтының «6В05101-Биология», «6В05109-Биотехнология» мамандықтарының 3 курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы өтті.

 

Конференцияға биология кафедрасының меңгерушісі Асия Майматаева, іс-тәжірибе жетекшілері Гаухар Абдикаримова, Гульнар Ташенова, практикаға жауапты Гүлжанат Қамиева, 3 курс студенттері және Зоология институтының қызметкерлері - Жарылкасын Абдыкеримов, Айдос Балатаев қатысты. Өндірістік іс-тәжірибе Зоология институты мен Ботаника және фитоинтродукция институтында өтті.

 

Студенттер өз есептерінде, теориялық білімдерін іс-тәжірибеде жүзеге асыру, олардың бойларында кәсіби дағдылары мен коммуникативтік құзыреттіліктерін арттырғанын атап өтті. Жарылкасын Абдыкеримов студенттердің білімі мен тәрбиесінің жоғары деңгейде екеніндігіне ризашылығын білдіріп, өз репертуарынан өлең оқып берді. Конференция соңында биология кафедрасының меңгерушісі Асия Майматаева іс-тәжірибеден өтудің пайдалы жақтарын атап өтіп, студенттерге оқуда табыстар тіледі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу