қазақша · русский · english
 
 
 
02.05.2023

Биология кафедрасында «Гүлдер фестивалі - 2023» сайысы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдық мерекесі аясында Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының оқытушылары Демеуова Ләззат, Избасарова Римма, Қамиева Гүлжанат, Джамилова Сауленің ұйымдастыруымен «6В01513-Биология» мамандығының 1 курс студенттері арасында «Гүлдер фестивалі - 2023» интеллектуалдық сайыс өтті.

 

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. 1-кезеңде әр топ өздерін таныстырды, 2-кезеңде студенттер әртүрлі гүлдерге экибана дайындап, сол гүлге сипаттама берді, 3-кезеңде шығармашылық өнерлерін көрсетті, 4-кезеңде викториналық сұрақтарға жауап берді. Сайыс барысында өздерінің жақсы білімдерін көрсеткен студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды. Сайыста I-III орын топтарға қаржылай сыйлықтар табысталды.

 

Сайыс барысында Жаратылыстану және география инситутының директоры Каймулдинова Күләш, биология кафедрасының профессорлары Айдарбаева Докторхан, Тұңғышбаева Зейнеп, Шалабаев Қаратай, Алматы қаласы «Оқушылар сарайының» экологиялық-биологиялық бөлімінің қызметкері Куралбаева Индира студенттерге ризашылығын білдірді. Іс-шараны ұйымдастырушылар сайысқа қатысқан студенттерге және қонақтарға спатифиллум гүлін сыйлыққа ұсынды. Іс-шара қатысушыларға қуанышты көңілді күй мен жақсы эмоциялар сыйлады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу