қазақша · русский · english
 
 
 
25.11.2022

Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы

 

2022 жылғы 24 қарашада Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының профессорлары А.С. Кунакбаев, А.М. Бабашев, Г.Ш. Татаринова, аға оқытушылар Г.К. Ташенова, Н.И. Отарова және оқытушы Ж.М. Жарылқасынова Алматы қаласы Білім басқармасының №71 мектеп лицейінің 10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.


Кездесуге жоғары сынып оқушылары, сынып жетекшілері және мектеп әкімшілігі қатысты. Кездесу барысында 10-11 сынып оқушыларына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың институттары, факультеттері, мамандықтары бойынша көптеген ақпараттар берілді. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушылары бакалавриатты бітіргеннен кейін университеттің магистратурасы мен докторантурасында одан әрі оқудың жоғары мүмкіндіктерімен танысты.


Сонымен қатар, кездесуде Жаратылыстану және география институты бойынша ақпаратқа ерекше назар аударылды. Кездесуде презентация және видеороликтер ұсынылды. Мектеп оқушыларының ЖОО-да оқытудың кредиттік технологиясының қағидаттары, ақылы бөлімде оқу тәртібі, оқу грантын алу мүмкіндігі және академиялық ұтқырлық аясында шетелдік жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндіктері туралы сұрақтарына жауаптар берілді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу