қазақша · русский · english
 
 
 
07.11.2022

4 курс студенттеріне арналған педагогикалық практиканың таныстыру конференциясы

 

2022 жылдың 4 қарашасында Жаратылыстану және география институтының «6В01510-Химия», «6В01511-Химия», «6B01512-Химия-биология», «6В01513-Биология», «6В01514-Биология», «6В01515-География», «6В01516-География-тарих» мамандықтарының 4 курс студенттері үшін педагогикалық практикаға арналған конференция өткізілді. Конференцияға 4 курс студенттері, педпрактикаға жетекші-әдіскерлер, педагогтар, психологтар, «Мансап» орталығының жетекшісі С.Ж.Калибекова қатысты.


Конференция барысында С.Ж.Калибекова практиканың негізгі ұстанымдарымен, практиканттарды болашақ мұғалімдерге қойылатын талаптармен таныстырды. Конференцияда аға оқытушы Г.С.Камиева қатысушыларға педагогикалық практиканың уақытын, кезеңдерін, педпрактиканың қорытынды құжаттарын рәсімдеуді және педагогикалық практиканың жетекшілерімен, педагогтарымен, психологтарымен таныстырды.


Студенттермен педпрактика өту барысындағы өзекті сұратар талқыланды.

 

  alt=  




Кері оралу