қазақша · русский · english
 
 
 
05.10.2022

Жаратылыстану және география институтына белгілі түрік ғалымын шақырды

 

«Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-да жаратылыстану және география институтының «Биология» кафедрасына дәріс оқу үшін Мугла Сырткы Кочман университетінің профессоры (Мугла, Түркия), PhD Мелек Алтыпармак Каракус келді. Ол 25 оқулық пен монографияның, ғылыми әдістеме бойынша 5 ұлттық жобаның, 45-тен астам ғылыми басылымдардың авторы, және индекс хирша h=5.

 

2022 жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейін профессор А.Мелек кафедраның магистранттары мен докторанттарына арналған «STEM Education» бойынша дәрістер оқиды, жоғары рейтингті журналдарға мақала жазу және докторанттармен кеңесу бойынша мастер-класстар өткізеді, институттың ғылыми өміріне қатысады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу