қазақша · русский · english
   

 

 

Студенттік үкімет
Институт кеңесі мен жетекшілер кеңесі мүшелері болып табылатын, құрамына көптеген белсенді-студенттер кіретін, институтта студенттік өзін-өзі басқару жұмыстары бойынша қоғамдық директорат табысты жұмыс жасайды.
Институтта дәрігерлік және құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, еңбек және соғыс ардагерлерімен, әр түрлі ғылымдар және мәдениет қайраткерлерімен студентер кездесуі жүйелі түрде ұйымдастырылады.Ұжымның қоғамдық өміріне ең белсенді студенттік жастар және магистранттар қатысуға қабылданып, дәстүрлі мерекелер және конкурстар өткізуге қатысады. Студенттерге арнау, Білім күні, Ашық есік күндері жәнет.б. іс-шаралар алдын ала дайындалады.

Студенттердің кәсіподағы
• Стипендиалық қамтамасыз ету сұрақтары бойынша студенттердің мүдделерін қорғу;
• Студенттік жастардың әлеуметтік - экономикалық құқықтары және мүдделерінің орындалуын тексеру;
• Оқу және еңбек қатынастары саласында,әлеуметтік-тұрмыстық мұқтаждықтарды, жеңілдіктер және өтемдер беруде студенттердің мүдделерін ұсыну;
• Қаладағы жаппай- мәдени шаралар билеттеріне жеңілдіктер ұсыну:
• Университеттегі шаралар мен оқиғалар туралы студенттерге мәлімет беру;
• Оқу үрдісі кестесінің дұрыс орындалуын қадағалау(емтихандар саны, емтихан арасындағы демалыстар және т.б.);
• Студентерді жатақханаға орналастыру және шығару туралы шешім атестациялық комиссиялардың қатысуымен, университеттің әкімшілігінде қабыланады.
• Заң шығарушы, атқарушы және сот органдарында студент жастардың құқықтары мен мүдделері қорғалады;
• Топтар кәсіби ұйым басшысыларына практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
• Әлеуметтік қорғау қоры құрылған; студенттерге (жетімдерге, мүгедектерге, қаранәсілділерге, аз қамтылған және отбасылы студенттерге, нақ осы уақытта көмекке мұқтаж студенттерге) материялдық,құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі.
• Университетте қоғамдық, ғылыми және спорттық өмірде көзге түскен студенттер стипендиясына сый ақылар және үстеме төлемдер үшін қажетті құжаттарды дайындау жүзеге асырылады;
• Балалары бар студенттерге жаңа жылдық сыйлықтар беріледі, ЖОО студенттерінің балаларына бала бақшадан орындар беру туралы қалалық әкімшілікке алдын ала өтініштер жазылады.
• ғылыми-практикалық конференциялар, конкурстар және т.б, жаппай-мәденй шаралар өткізу мен ұймдастыруға көмек көрсетіледі.