қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.03.2017

8 наурызға арналған мерекелік концерт


2017 жылы 6 наурызда университетіміздің үлкен конференц-залында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері көктемнің алғашқы мерекесімен барлық әйелдер қауымын құттықтады.
Бұл мерекелік шараның ерекшелігі ҚР ҰҚК ШҚ Академиясының курсанттарының қатысуымен өтуі.
Кеш бағдарламасы би, ән, күй, авторлық монологтар мен басқа да шығармашылық нөмірлерді қамтыды. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген қытайлық студенттер де жеке нөмір дайындап құттықтады. Сөз соңында кафедра меңгерушісі Әбішева Сәуле Жүнісқызы Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен ҚР ҰҚК ШҚ Академиясының курсанттарына осындай тамаша кеш ұйымдастырып, жылы құттықтау білдіргендеріне алғысын білдірді.