қазақша · русский · english
 
 
 
18.11.2019

Өнер, мәдениет және спорт институтында 74-ші ғылыми практикалық конференциясы өтті

 

2019 жылы 14 қарашада Өнер, мәдениет және спорт институтының ұйымдастыруымен «Көркем білім» кафедрасында магистранттар мен студенттердің ғылыми ізденіс пен теориялық білімін арттыру мақсатында 74-ші кезекті ғылыми зерттеулер конференциясы өтті. Конференцияға «Көркем білім» кафедрасының меңгерушісі Ержан Рысымбетов, қазылар алқасының төрағасы Шолпан Ақбаева, қазылар алқасының мүшелері: Мият Джанаев, Аман Ибрагимов, Құрманғазы Жеделов, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.

 

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес «Визуалды өнер, көркем еңбек және жобалауды оқытудың әдістемесі мен теориясы» бөлімі бойынша: I-ші орынды 3 курс студенті Жансая Ешманова (жетекшісі: Шолпан Ақбаева), II-ші орынды 3 курс студенті Феруза Сейтмуратова (жетекшісі: Шолпан Ақбаева), 3 курс студенті Дариға Қасенова (жетекшісі: Базар Ырыстанұлы), III-ші орынды 3 курс студенті Жансая Тұрсын (жетекшісі: Шолпан Ақбаева), 2 курс студенті Назгүл Сырбайқызы (жетекшісі: Баян Бекенова) иеленді. Магистранттар арасында I-ші орынға 2 курс магистранты Инкар Байкусиева (жетекшісі: Мият Джанаев) ие болды.

 

«Бейнелеу өнері және визуалды өнердің тарихы мен теориясы» бөлімі бойынша I-ші орынға 2 курс студенті Аружан Химат (жетекшісі: Баян Бекенова) ие болды. Магистранттар арасында I-ші орынды 2 курс магистранты Алмагүл Қалжан (жетекшісі: Ержан Рысымбетов), II-ші орынды 2 курс магистранты Дастан Тебеген (жетекшісі: Ержан Рысымбетов), Гүлдана Жамалбек (жетекшісі: Ерлан Асембайұлы), III-ші орынды 2 курс магистранты Рустем Жансерік (жетекшісі: Шолпан Ақбаева) иеленді. Ұлан Шаймұрат (жетекшісі: Шолпан Ақбаева) Құрмет дипломымен марапатталды.

 

Конференция магистранттар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында тәжірибе алмасу, ғылым саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қолайлы жағдай туғызатын алаңға айналды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу