қазақша · русский · english
 
 
 
11.10.2019

Латвия университеті түлектері хоры және музыкалық білім және хореография кафедрасының студенттік хорының концерті

 

2019 жылдың 9 қазанында «Jubilate» Латвия университеті түлектерінің хоры (көркемдік жетекшісі - профессор Юрис Клавинс) және Өнер, мәдениет және спорт институтының музыкалық білім және хореография кафедрасының студенттік хоры (жетекшісі - қауымдастырылған профессор Светлана Балагазова ) бірлескен концерті өтті.

 

Іс-шара барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева осындай бірлескен шығармашылық іс-шаралар, серіктес жоғары оқу орындар арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін, қазақ және латыш халықтарының ұлттық музыкалық классикасының үздік үлгілеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

Кездесу аясында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік академиялық хор капелласының көркемдік жетекшісі, профессор Бейімбет Демеуов шеберлік сағатын өткізді.

 

   

 

   




Кері оралу