қазақша · русский · english
 
 
 
01.10.2019

«100 жаңа оқулық» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті

 

2019 жылы 27 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім» кафедрасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іске асырылып жатыр. Жарыққа шыққан көптеген жаңа оқулықтар аясында дөңгелек ұстел өтті.

 

Дөңгелек үстелге кафедра меңгерушісі Ержан Рысымбетов және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты. Аға оқытушы Баян Бекенова жаңа оқулықтар туралы баяндама жасап, оқулықтардың артықшылықтары мен маңыздылықтар туралы айтып өтті. Сонымен қатар доцент Мият Джанаев, «6М141600-Өнертану» білім беру бағдарламасының 2- курс магистранты Гүлдана Жамалбек тақырып бойынша баяндама жасап, өз ойларымен бөлісті. Кездесу барысында қатысушылар жаңа оқулықтармен және олардың даярлану жолдарымен танысты.

 

   




Кері оралу