қазақша · русский · english
 
 
 
30.10.2025

«Бейне» клубының арт-терапия кеші өтті


29 қазан 2025 жылы «Бейне» клубының ұйымдастыруымен жылы әрі жайлы арт-терапия кеші өтті. Шараның басты мақсаты - аралық бақылау кезеңінен кейін студенттерге демалып, шығармашылық арқылы тиімді тынығу мүмкіндігін ұсыну болды.

 

Кеш барысында қатысушылар ұзақ үзілістен кейін өздері үшін - еркін сурет салып, қолөнермен айналысып, шығармашылық қуанышқа бөленді. Іс-шараның ерекше атмосферасын клуб мүшелері мен қатысушылар бірлесе қалыптастырды. Арт-терапия кешіне өнер факультетінің студенттерімен қатар басқа кафедралардан да жастар қатысып, өзара жылы байланыс орнатты.

 

Кештің безендірілуінде күзгі декорациялар, жайлы әуен, түрлі сурет және қолөнер материалдары пайдаланылды. Сондай-ақ қонақтарға тәттілер мен ыстық шай ұсынылып, жағымды орта құрылды. Қатысушылар өз әсерлері мен тілектерін жапырақтарға жазып, «тілек ағашына» ілді.

Шараға қатысқан студенттер ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, мұндай шығармашылық демалыстың аралық бақылау аптасының соңында ерекше маңызды екенін атап өтті.

 

«Бейне» клубы алдағы уақытта да студенттерге арналған осындай шығармашылық және рухани демалыс форматындағы кездесулерді жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

 


  alt=  

  alt=




Кері оралу