
Өнер факультеті |
10.09.2025
Студенттік клубтар жәрмеңкесі - жаңа мүмкіндіктер алаңы
2025 жылдың 9 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде дәстүрлі студенттік клубтар жәрмеңкесі өтті. Бұл шара - студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер мен шығармашылық орталарға жол ашқан маңызды оқиға болды.
Жәрмеңкеге қатысушылар өз ұйымдарының мақсаттары мен жетістіктері туралы айтып, түрлі көріністер мен өнерлік нөмірлер арқылы студенттерге ерекше әсер қалдырды. Бұл - тек таныстыру емес, жаңа достықтар мен бастамалардың алғашқы қадамы болды.
Осы айтулы шарада Өнер факультетінің «Тұмар» студенттік ұйымы ерекше белсенділік танытты. Ұйым құрамындағы Auez_Band, Beine, Alash, Sound Rise, Visage студенттік клубтары өз орталарына жаңа қатысушыларды қабылдап, жаңа оқу жылындағы белсенді жұмыстарын бастады.
Бұл клубтар студенттерге өз таланттарын ашуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өнер саласында тәжірибе жинауға зор мүмкіндік беріп отыр.
Студенттік клубтар жәрмеңкесі - университет өміріндегі ең жарқын дәстүрлердің бірі. Ол студенттерді біріктіріп, жаңа идеялар мен жобалардың бастамасына айналды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|