қазақша · русский · english
 
 
 
05.09.2025

«Qosh keldin, student!» - жаңа оқу жылына шат көңілмен бастау

 

2025 жылдың 4 қыркүйегінде Тұмар факультетінде жаңа оқу жылын қарсы алу мақсатында дәстүрлі «Qosh keldin, student!» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты - жаңа студенттерді жылы қарсы алып, олардың университет өміріне бейімделуіне қолдау көрсету болды.

 

Тұмар факультетінің алаңында өткен бұл күн қуаныш пен шабытқа толы мереке болды. Университет табалдырығын алғаш аттаған студенттерді оқытушылар мен жоғары курс студенттері құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

 

Мерекелік бағдарлама барысында факультетіміздің музыкалық ұйымдары өнер көрсетіп, студенттер сүйікті әндерге қосылып, өз таланттарын ортаға салды.


Музыка, би және Абай шығармаларына арналған әсерлі орындаулар көрермендердің көңілінен шығып, ұмытылмас сәттер сыйлады.

 

«Qosh keldin, student!» - бұл тек жаңа оқу жылының басталуы емес, достық пен ұйымшылдықтың, жаңа мақсаттар мен үміттердің мерекесі.


Іс-шара студенттер қауымдастығын біріктіріп, университет өміріндегі жарқын бастамалардың алғашқы қадамы болды.

 

 

  alt=  

 

 

  alt=  




Кері оралу