қазақша · русский · english
 
 
 
01.07.2025

Өнер факультетінде алғашқы PhD диссертациялық кеңестің қорғауы өтті


2025 жылғы 28 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Өнер факультетінің тарихындағы алғашқы диссертациялық кеңесте философия докторы (PhD) дәрежесіне екі диссертациялық жұмыс сәтті қорғалды:

 

Берікбол Рахат Рахметоллаұлы - «Графика өнері туындылары арқылы болашақ мамандардың этнокөркем мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары»;

Әлжанов Ғаділбек Мұратұлы - «Жоғары көркем білім беруде студенттердің рухани дүниетанымын этнодизайн құралдары арқылы қалыптастыру».

 

Екі диссертациялық жұмыс та көркем білім саласындағы өзекті ғылыми мәселелерді көтеріп, жоғары ғылыми деңгейде қорғалды.

 

Қорғауға шетелдік және қазақстандық жетекші ғалымдар, ғылыми кеңесшілер мен ресми рецензенттер қатысты.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  




Кері оралу