Абай атындағы ҚазҰПУ-дың докторанттары Алтай мемлекеттік университетінде халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті
2025 жылғы 21 сәуір мен 21 мамыр аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанттары Ресей Федерациясы, Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік университетінде 8D01416 - «Көркемдік білім, графика және жобалау» білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдамадан өткендер:
• Құздеубаев Айдар Жолғаспекұлы (Қазақстан),
• Ожарова Гүлнара Махатаевна (Қазақстан),
• Милия Цзяжэкасым (Қытай),
• Шири Масуме Алиакбар (Иран).
Тағылымдаманың ғылыми жетекшісі - өнертану докторы, профессор, Алтай мемлекеттік университеті Гуманитарлық ғылымдар институтының директоры м.а. Лариса Исааковна Нехвядович.
Тағылымдама Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер факультеті мен АлтМУ-дың Гуманитарлық ғылымдар институты арасындағы әріптестік келісім аясында ұйымдастырылды. Мақсаты - докторанттардың ғылыми-әдістемелік дайындығын тереңдету, көркемдік білім беру саласындағы тәжірибе алмасу және ғылыми зерттеулердің жекелеген фрагменттерін шетелдік академиялық ортада сынақтан өткізу.
Тағылымдама барысында докторанттар:
• Ресейлік көркемдік білім беру жүйесімен танысты,
• ғылыми семинарларға, шеберлік сабақтарына және дөңгелек үстелдерге қатысты,
• профессор-оқытушылармен жеке кеңес алды,
• ашық сабақтар өткізіп, өз зерттеулерінің аралық нәтижелерін ұсынды.
Тағылымдаманың нәтижесінде ғылыми есептер дайындалып, ғылыми мақалалар жазылып, серіктес университеттер арасындағы академиялық байланысты нығайтуға жол ашылды.
Абай атындағы ҚазҰПУ докторанттарының АлтМУ-да өткен тағылымдамасы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда, академиялық ұтқырлықты арттыруда және көркем білім беру саласындағы жас зерттеушілерді даярлау сапасын көтеруде маңызды қадам болды.

