Өнер факультеті |
16.05.2025
Наманган мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары ҚазҰПУ-да тағылымдамадан өтті
2025 жылғы 8-17 мамыр аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер факультетінде Өзбекстан Республикасындағы Наманган мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары академиялық тағылымдамадан өтті.
Тағылымдамаға «Метрология және стандарттау» кафедрасының келесі оқытушылары - доцент Икромжон Исмаилов, доцент Уткир Бобоев, доцент Фарход Холмирзаев, доцент Акбархон Сиддиков қатысты.
Тағылымдама барысында Намангандық оқытушылар Өнер факультетінің оқу-әдістемелік базасымен танысып, университет студенттеріне дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді. Сонымен қатар, оқу үдерісін жаңғырту, білім беру сапасын арттыру және инновациялық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
Абай атындағы ҚазҰПУ Наманган мемлекеттік техникалық университетінің оқытушыларына мазмұнды тағылымдама үшін алғысын білдіреді және екіжақты академиялық ынтымақтастықтың алдағы уақытта одан әрі дамитынына сенім артады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|