қазақша · русский · english
 
 
 
05.05.2025

«Ұлттың үні» көрмесі


Абай университетінде «Жас кәсіпкер Abai University» стартап жобасының жеңімпазы, Өнер факультеті көркем білім кафедрасының оқытушысы Мөлдір Күмісбекованың «Ұлттың үні» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрмеде қазақ халқының бай болмысы мен ұлттық нақышы киіз бен жүн арқылы заманауи әрі шебер тәсілде бейнеленген туындылар көпшілік назарына ұсынылды.

 

Мақсаты:

- Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан ұлттық дәстүрін, қолөнерін және көркемдік дүниетанымын жаңғырту мен насихаттау;

- Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулу;

- Жоба нәтижесінде туындыларды коммерциялық өнім ретінде нарыққа шығару;

 

Міндеттері:

1. Киіз бен жүн арқылы жасалған сурет өнерін жаңа деңгейге көтеру.

2. Көрме арқылы көрермендерге қазақтың мәдени кодын өнер тілімен жеткізу.

3. Туындыларды әлеуметке ұсынып, сұранысқа ие етіп, стартап ретінде дамыту.

4. Шығармашылықты кәсіппен ұштастыру арқылы жастарға үлгі болу.

5. Инновациялық тәсілмен дәстүрлі өнердің жаңаша үлгісін қалыптастыру.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу