қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2025

«Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік» ақпараттық дәрісі Өнер факультетінде өткізілді


2025 жылдың 18 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мәдиев Өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік» атты тақырыпта ақпараттық дәріс өткізді.


Спикер дәріс барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың маңыздылығы, күнделікті оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып отыру қажеттігі мәселелерімен бөлісті. Ол сондай-ақ бейнероликтерден мысал келтіріп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың бағыттарын атап көрсетті.


Іс-шара соңында профессор-оқытушылар құрамы көптеген сұрақтар қойып, өзекті мәселелер талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу