қазақша · русский · english
 
 
 
24.11.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы - «Үздік жас ғалым-2021»


«IV халықаралық кітап басылымы» - бұл ғылымды дамытуға және жас ғалымдардың жеке жетістіктерін жетілдіруге бағытталған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми-білім беру мекемелері арасында ұйымдастырылған жоба.


Аталған жобаға халықаралық ынтымақтастық және ғылым мен білімді одан әрі интеграциялау аясында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің түрлі салаларындағы ғылыми проблемаларды зерттейтін ғалымдар қатысты.


Байқау қорытындысы бойынша дипломмен және «Үздік жас ғалым-2021» төсбелгісімен Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер мәдениет және спорт институты «Дизайн» кафедрасының оқытушысы PhD доктор Асем Абижанова марапатталды.

 

   




Кері оралу