қазақша · русский · english
 
 
 
16.11.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ студенті қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды


2021 жылдың 12-16 ақпан аралығында Семей қаласында қазақ күресінен ересектер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

 

Жарыстың мақсаты - күзде өтетін Азия ойындары мен әлем чемпионатына жаңадан команда жасақтау.

 

Жарысқа барлығы 10 салмақ дәрежесінде 450 балуан қатысты. Қазақстан Республикасының чемпионатында өнер көрсеткен «Дене шынықтыру және спорт» кафедарасының 3-ші курс студенті Төлепов Бекжан 55 кг. салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып Азия ойындары мен әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

 

   




Кері оралу