қазақша · русский · english
 
 
 
14.09.2021

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн-көрме өтті

 

2021 жылдың 13 қыркүйек күні Алматы обылысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының «Көркем білім» кафедрасының оқытушысы Қайдаров Мәлік Уәйісұлының «Бояулар үні» тақырыбында онлайн форматындағы жеке шығармашылық көрмесі өтті. Шығармашылық көрме ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналып, жас ұрпаққа өнеге мақсатында ұйымдастырылды.

 

Көрмеге суретшінің әр уақытта жазылған 15 шығармасы қойылды. Суретшінің жазу мәнері «импросионизм» ағымына жатады. Суретші үшін ұлы ұстаз табиғат болып табылады.

 

   

 

   

 

«Көркем білім» кафедрасы




Кері оралу