қазақша · русский · english
 
 
 
08.11.2016

 

2016ж. қараша айының 03-05 күндері Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында өткен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ТОПЫРАҒЫН ҰЛЫҚТАЙЫҚ» атты халықаралық суретші-ұстаздар симпозиумының іс-шарасына Абай ат. ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институтының «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі» кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ғылым басқармасының бастығы Баймұрат Ермағамбетұлы Оспанов, «Шығармашылық мамандықтар» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Тоққожа Мұқажанұлы Қожағұлов, әділ-қазылар алқасының құрамында жұмыс атқарып келді. Қатысушы үміткерлердің симпозиум барысында бағдарламаның орындауында: шығармашылық жұмыстарын көрмеге дайындау, «Шырайлы Шымқала» және «Оңтүстік көне көздері» атты бейнелеу өнері ұстаздары мен докторанттары, магистранттары арасындағы табиғат аясындағы пленарлық жұмыстар өткізілді.

 

 

 

 




Кері оралу