қазақша · русский · english
 
 
 
15.06.2021

Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арналған Еркін Қайшыбектің шығармашылық көрмесі

 

2021 жылдың 11 маусымында Өнер, мәдениет және спорт институты, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментімен бірлесе отырып ұйымдастырылған Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Еркін Қайшыбектің шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы өткізілді.

 

Көрмеде ректор Дархан Біләлов сөз сөйлеп, көрме авторы Еркін Қайшыбековке сый сияпатын табыстады. Көрмеге арнайы шақыртылған қонақтар қатарында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ресей көркем академиясының құрметті академигі, университеттің көркем сурет графика факультетінің екінші деканы, профессор Байтұрсын Өмірбеков, грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Азия күрес кеңесінің президенті Дәулет Тұрлыханов, ҚР Суретшілер одағының басқарма төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, суретші Өмірбек Жұбаниязов өздерінің ізгі лебіздерін білдірді.

 

Сонымен қатар, институт студенттерінің дайындаған концерттік бағдарламасынан кейін келген қонақтар көрмеге ашылу лентасын қидыру рәсімін тамашалады. Көрмеде суретшінің 41 шығармасы ұсынылды, оның ішінде Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналғаны 14 сурет. Жалпы көрме жоғары деңгейде өтіп, республикалық Alma TV арнасының қатысуымен өтті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу