қазақша · русский · english
 
 
 
16.03.2021

«Жүрекке жылу сыйлайық...» қайырымдылық акциясы өтті

 

2021 жылы 12 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім» кафедрасының оқытушылары Иманбакиев Ернат, Ырыстанұлы Базар, Аманжол Сұлтан және кафедра студенттері көпбалалы және тұрмыстық қиыншылықтары бар отбасыларға жәрдемдесу мақсатында «Жүрекке жылу сыйлайық...» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

 

Іс-шарада отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, отбасындағы балалармен әңгімелесіп, хал сұрап сыйлық тарту етілді. Жас бүлдіршіндердің жүздерінен қуаныш лебі есіп, алғыстарын білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу