қазақша · русский · english
 
 
 
01.02.2021

Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына арналған көркемсурет көрмесі өтті

 

2021 жылы 31 қаңтарда Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұловтың ұйымдастыруымен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына арналған «...Біздер - әлі жан баспаған асқармыз, Біздер - әлі жазылмаған дастанбыз» көркемсурет көрмесі карантиндік режим талаптарын сақтай отырып оффлайн және онлайн форматта өтті.

 

Көрмеге ҚР мәдениет қайраткері, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры Темірхан Ордабеков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жұмақын Қайрамбаев, ӨМжСИ-дің директоры Тоққожа Қожағұлов, ҚР мәдениет қайраткері Нұрболат Искаков, ҚР суретшілер одағының мүшесі Жақсылық Тобажан қатарлы қылқалам шеберлерінің Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен көркем шығармалары негізінде жазылған туындылар қойылды.

 

Іс-шараға қатысушылар өздерінің ыстық лебіздері және көркем туындылардан алған әсерлерімен бөлісті. Көрме жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу