қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2020

ҚР Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған

«Елбасы туралы 1000 сұрақ» интеллектуалды сайыстың есебі

 

2020 жылдың 7 желтоқсанында Өнер, мәдениет және спорт институты ҚР Тұңғыш Президент күніне орай студенттерге «GOOLE.MEET.COM» бағдарламасы арқылы «Елбасы туралы 1000 сұрақ» тақырыбында интеллектуалды сайыс ұйымдастырды.

 

Интеллектуалды сайысқа институт ішіндегі кафедралардан командалар дайындалып белсене қатысты. Сайысқа қатысушы командалар Елбасы туралы білімдерінің жан-жақтылығын, жеткізе білді. Сайыстың бағдарламасында 5 тапсырма берілді, әр команда өз тобының таныстыруын, ұранын, бейне жазба арқылы таныстырды. Сонымен қатар, Ой қозғауда «Менің тұңғыш президентім», «Сандар сөйлейді» Quizizz, Edpuzzle.com видео форматтағы бағдарламалар арқылы өткізілді, ал Суретке тіл бітсе... деген тапсырмада Елбасының өмірі жайлы түсірілген кино үзінділерден сұрақтар қойылды. Сайыс өте қызықты, тартысты өтіп, сайыс соңында әділқазы алқасы жеңімпаздарды анықтады. Сайыс нәтижесінде «Жас сарбаздар» командасы 1 орын, «Ұлы Абай шәкірттері» командасы 2 орын, «Жас дизайнерлер» командасы 3 орын алды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу