қазақша · русский · english
 
 
 
11.05.2020

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!»

 

2020 жылдың 6 мамырында «Google Meet» платформасы арқылы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының аға оқытушысы Ляззат Бримгазинаның Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналған «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» жеке концерті онлайн режимде өтті. Концертке кафедра студенттері - Жеткізгенұлы Аблайхан, Сергазина Назерке, Бабякина Оксана және Өмірзақ Көркем қатысты. Соғыс жылдарындағы әндер - М. Блантердің «Катюша», Ж. Петербургтің «Синий платочек», М. Табачникованың «Давай закурим», А. Пахмутованың «Нежность» және Қазақстанның халық және қазіргі композиторларының шығармалары орындалды. Қоюшы-режиссер кафедра оқытушысы Нұржан Касимов. Дыбыс операторы кафедра докторанты Кулданов Наурыз.

 

   




Кері оралу