қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2020

«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы онлайн-семинар

2020 жылы 25 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ- дың Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім» кафедрасының меңгерушісі Рысымбетов Ержан, оқытушы Ырыстанұлы Базардың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына және университетіміздің Академиялық адалдық​ кодексінің 4-ші бөлімі, 4.2-ші ​ тармағы бойынша​ онлайн-семинар өтті.

Іс-шараға университетіміздің «Парасат» орталығының директоры Қамбар Усипов, ӨМжСИ-нің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Еркін Кайшыбекұлы, «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі Кісімісов Ерболат және​ институт профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

 

Онлайн-семинарда профессор-оқытушылар құрамы еліміздің жемқорлыққа қарсы заңнамалары мен актілерін және университетіміздің Академиялық адалдық​ кодексіне сәйкес​ «Адал ұстаз», «Үздік ұстаз» ұстанымы бойынша әрекет етіп, жемқорлыққа түбегейлі қарсы екендіктерін өз әрекетті және өткізген іс-шаралар көрсетіп қана қоймай​ жемқорлықтың алдын алу шараларын өткізу жалғасын таба бермек. https://youtu.be/XIl6toOLjI8

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Көркем білім беру кафедрасы




Кері оралу