қазақша · русский · english
 
 
 
02.03.2020

Ең үздік Дирижер - 2020 қалалық университеттік байқауы

 

2020 жылдың 28 ақпанында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде үздік дирижерға арналған қалалық байқауы өтті. Байқауға университеттер арасында «5B010600 Музыкалық білім» мамандығының екінші курс студенттері қатысты: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.


«Музыкалық білім және хореография» кафедрасында ақпан айының басында конкурстың бірінші іріктеу кезеңі өтті. Байқау бағдарламасында О.Байділдаевтың «Отаным құлпырды» (конкурстық бағдарлама ретінде) және А. Бейсеуовтің «Туған жер» сөзі М.Әлімбаевтікі, «Ga-da» Bob Carlton, Т.Алагузовтікі «Қандай сұлу дүние» Т.Молдағалиевтің сөзіне жазылған тағыда басқа да шығармалар болды.


«5В010600 - Музыкалық білім» мамандығының 2 курс студенттері Жасмин Қайса, Мөлдір Смайл және Юсупахметова Зубайра 2 турдың үміткерлері болды. Олар «Ga-da» Bob Carlton, Т. Алагузовтың «Қандай сұлу дүние» Т.Алагузова, О.Байдильдаевтың «Отаным құлпырды» шығармаларын орындады: хордың партитурасын аспапта ойнады, концертмейстермен бірге ансамбльде дирижерлады. Бірінші айналымның жоғары нәтижелері бойынша біздің студенттер екінші кезеңге өтіп, онда хорды басқаруда хормен шеберлігін көрсетті.


2 курс студенттері арасындағы қалалық ЖОО арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша біздің қатысушыларымыз жүлделі орындарға ие болды:

1 орын - Кайса Жасмин (Жетекшісі: Балагазова С.Т.- п.ғ.к., доцент);
2 орын - Смайл Мөлдір (Жетекшісі: Какимова Л.Ш. - п.ғ.к., доцент);
3 орын - Юсупахметова Зубайра (Жетекшісі: Какимова Л.Ш. - п.ғ.к., доцент).


Үздік дирижерлар арасындағы қалалық жоғары оқу орындары арасындағы конкурсқа қатысушыларды және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!

 

   

 

   

 

   




Кері оралу