қазақша · русский · english
 
 
 
06.02.2020

Мектеп оқушыларына үгіт-нәсихат жұмыс өткізілді

 

2020 жылдың 3 ақпанында ӨМСИ-дің «Жасампаз» көрме залында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай, Алматы облысының мектеп оқушыларына университетімізді таныстыру, өзара әріптестік байланыс орнату мақсатында,  ӨМжСИ «Көркем білім» кафедрасының ұйымдастыруымен «Өнерлі ұрпақ» тақырыбында Республикалық мектеп оқушыларының көрмесі өткізілді.

 

Іс-шараға ӨМСИ-дің директоры Тоққожа Қожағұлов, Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Еркін Қайшыбеков, «Көркем білім» кафедрасының меңгерушісі Ержан Рысымбетов, профессор Серғазы Жаманқараев және университеттің профессорлары мен мектеп оқушыларының жетекшілері және білім алушылар қатысты.

 

Көрмеде орын алған мектеп оқушылары мен жетекшілері марапатталып, сыйлықтар табыс етілді. Көрмеден соң ӨМСИ-дің директоры Тоққожа Қожағұлов  мектеп оқушылары мен университетіміздің арасындағы  тәжірибе алмасу, іскерлік қарым-қатынасты дамытуды одан әрі жалғастыру жоспарға алынып отырғанын және т.б өзекті мәселелерді  сөз етті.

 

   

 

   

 

«Көркем білім» кафедрасы




Кері оралу