қазақша · русский · english
   
29.03.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжіндегі ашық есік күні


2019 жылдың 28 наурызында Шетелдік азаматтарға арналған жəне ЖОО-на дайындық (Foundation) факультеті, шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы Жол картасын жүзеге асыру мақсатында 2018-2019 оқу жылына шетелдік азаматтар қатарынан түлектер қатарына қабылдау бойынша Халықаралық қазақ-қытай тілі колледжінің 1-3 курс білім алушыларымен кездесу өткізді.

 

Кафедра оқұтушылары Тоғжан Айтказина, Назгүл Минаева, Толқын Тоқтарова, Бақытгүл Балғазина, Ляйла Мамытбекова жəне Индира Есіркепова колледж білім алушыларын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тарихымен, мамандықтарымен, құрылымымен таныстырды, шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының презентациясын көрсетті.

 

Колледж студенттерінің алдында даярлық тобының тыңдаушылары Киангала Любаса Лионель, Киангала Маий Корин (Конго Республикасы) жəне Ван Дунлин (ҚХР), Абай атындағы ҚазҰПУ-да студенттермен алмасудың академиялық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 3 курс студенті Хуан Цянь (Чжэцзянь шеттілдері институты, ҚХР) сөз сөйледі.

 

Кездесу достық қарым-қатынаста өтті, студенттер қазақ, қытай жəне орыс тілдерінде сөйлесті. Колледж білім алушылары университеттің оқытушылары мен шетелдік студенттерді жақсы қарсы алып, əңгімелесу кезінде белсенділік танытып, өздерінің колледжі туралы айтты, бірлескен іс-шаралар мен жобаларға қатысуға ниеттері бар екендіктерін білдірді.

 

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжімен болған жемісті ынтымақтастыққа алғысын білдіреді.

 

   

 

   




Кері оралу