қазақша · русский · english
   
26.12.2018

«Өнерлінің өрісі кең!» таланттар сайысы

 

Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық (Foundation) факультетіне қарасты ЖОО дейінгі дайындық бөлімінің оқытушылары Хадиша Оразбаева және Қадиша Атемованың ұйымдастыруымен тыңдаушылар арасында 2018 жылдың 25 желтоқсаны күні «Өнерлі өрге жүзер!» таланттар сайысы болып өтті.

 

Мақсаты: Дарынды тыңдаушылардың шығармашылығымен таныстыру, спорт саласында жеткен жетістіктерін үлгі ету, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Білім алушылардың бойында ізгілік қасиеттерді дамыту, еңбекке баулу, ұлттық өнерді, құндылықты сақтай білуге тәрбиелеу.

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Жолдауында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен ат салысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деген болатын. Елін, жерін сүю отбасынан басталып, мектепте,сондай-ақ жоғарғы оқу орны қабырғасында жалғасатыны белгілі.

 

Сайыс барысында тыңдаушылардың орындауында өзбек, испан билері, «Менімен биле», «Болайық бірге» әндері көпшілік қауымның қошеметіне ие болды. Сайыс қорытындысы бойынша физика тілдік дайындық тобы тыңдаушылары жеңімпаз атанып, кеш өз мәресіне жетті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу