қазақша · русский · english
   
27.10.2017

Чжэцзян институтының студенттері ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында


2017 жылдың 24 қазанында,  Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасының 1 курс бакалавриат студенттері және академиялық алмасу бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Чжэцзян институтының (ҚХР) 3 курс студенттері ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына барып қайтты.


Мұражайдың бай, әрі құнды жинағы Қазақстанның, Еуропа мен Азияның көркем мәдениетімен, өткен дәуірдің және қазіргі уақыттың шеберлерінің көрнекті бейнесі туралы мәлімет береді.


Студенттер танымал суретшілер мен мүсіншілердің жұмыстарымен танысты. Ерекше қызығушылықты Қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнері тудырды. Аталмыш экскурсияны оқытушылар Айтказина Т.Т., Мамытбекова Л.К., Казабеева В.А., Балғазина Б.С. және Минаева Н.М. ұйымдастырды.

  

 

  

 




Кері оралу