қазақша · русский · english
   
13.06.2022

Шетел азаматтарының орыс тілі бойынша кешенді емтихан нәтижелері

 

2021/2022 оқу жылында шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының тілдік топтарында орыс тілінің шетелдік тыңдаушылары ҚХР, Сирия және Египет азаматтары білім алды.

 

ЯГИС топтарындағы шетелдік тыңдаушыларға арналған орыс тілінен кешенді емтихан үш оқу пәнінен тұрды: "Орыс тілі","Әдебиеттік оқу","Елтану". Емтихан қорытындысы бойынша құрамында Бегалиева Сәуле, Мамытбекова Ләйля және Шмакова Елена бар мемлекеттік-емтихан комиссиясы курс тыңдаушыларының тіл меңгерушілерімен қарым-қатынас кезінде күнделікті және кәсіби өмірге қатысты сөйлеу жағдаяттарында коммуникативтік мақсаттарға жету үшін қажетті грамматикалық білімдері, сөйлеу дағдылары мен біліктіліктері бар деген қорытындыға келді. Шетел азаматтары әлеуметтік-тұрмыстық, Елтану және ақпараттық бағыттағы мәтіндерден негізгі және қосымша ақпаратты оқып, жазып, түсіне алады.

 

2022 жылы 10 маусымда қорытынды кешенді емтиханды сәтті тапсырған шетелдік тыңдаушыларға Абай атындағы ҚазҰПУ сертификаттары салтанатты түрде тапсырылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу