қазақша · русский · english
   
03.05.2022

Түлектермен кездесу

 

2022 жылдың 29 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің оқытушылары мен тыңдаушылары арасында 2017/18 жылғы түлектерімен бас қосу болып өтті.

 

Кіріспе сөз сөйлеген факультет деканы Г.З. Таубаева факультет тарихына қысқаша тоқтала келіп, сол жылғы тыңдаушылардың талантты да талапты болғандығын ерекше атап өтті.

 

Бас қосуға келген түлектердің дені - 2/2,2/1, биология-ағылшын тобынының студенттері, оқу үздіктері.Ғылыми жобалар жүлдегері Скедирова Мәншүк үзіліссіз дайындық пен оқытушылардың еңбегі арқасында тыңдаушылардың 53-і, яғни 99% студент атанғанына тоқтала келіп, факультет ұжымына үлкен рахмет айтатынын жеткізді. Педаогог мамандығы - сұранысқа ие мамандық, сондықтан оған ұсыныстар да көп екендігіне тоқталған Мұқтарбек Айда ағылшын тілі мен өз пәніне ерекше көңіл бөлу керек екендігін айтты.Тоғызқұмалақтан өткен жарыстар жеңімпазы Құрбан Сұңқар ҰБТ-дан жоғары бал алып, студент атануына тілектестігін білдірді.Аягөз Уатқан үлкен жетістіктерге жету үшін сабақтан қалмай,үнемі ізденісте болу қажет десе, ал Дәнебек Данагүл алға қойған мақсаттарға жету жолында үздіксіз оқып, өзін-өзі таныту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін айтты.

 

Сөз соңында үлгілі студенттерге университеттет тарапынан үлкен жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті, тыңдаушылар қойған түрлі сұрақтарға жауап берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу