қазақша · русский · english
   
11.12.2020

«Абай әлемі» фестивалі және біздің жеңісіміз...

 

2020 жылдың 10 желтоқсанында шетел азаматтарына арналған филология мамандықтар кафедрасының «Абай әлемі» кабинетінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестиваліне қатысқан шетелдік студенттермен кездесу - отырыс өтті. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай әлем» студенттік өнер фестивалінде: Чендавей (2 курс, ҚХР), Дон Лихуэй (1 курс магистранты, ҚХР) алғыс хаттармен атап өтілді және біздің «Абай тілдерінде» номинациясының жеңімпаздары Онгтангко Кристиан мен Алели (Филиппин) Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындағаны және Абайдың «Love» өлеңін ағылшын тілінде оқығаны үшін 1-ші орынға ие болды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаментінің үйлесімді командалық жұмысының арқасында «Абай әлемі» фестивалі екі кезеңде: іріктеу кезеңі 30-31 қазан және қорытынды тур 4-5 желтоқсанда өтті. Қазылар алқасы біздің студенттердің тамаша дайындығын атап өтті. Университет ректоры Такир Балықбаев жүлдегерлерге «Абай - әлем тілдерінде» номинациясы бойынша 200 000 теңге көлемінде сертификат табыс етті.

 

Студенттер кафедра оқытушылары Бегалиева Сәулеге, Мамытбекова Ляйляға, Нурахунова Гунчамға, сондай-ақ тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаментінің проректоры Ішпекбаев Жанатбекке және директор орынбасары Бекбенбетова Казынаға музыкалық нөмір дайындауға көмектескені үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

 

«Абай әлемі» фестивалінің барлық қатысушыларын жеңісімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

 

   




Кері оралу