қазақша · русский · english
   
23.11.2020

Карантин жағдайындағы оқу үдерісі жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің тыңдаушыларымен талқыланды

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2020 жылдың 20 қарашасы күні сағат 16.00-де Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетіне қарасты дайындық бөлімі тыңдаушыларымен ZOOM платформасында академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Х.Н. Жанбеков пен факультет деканы Ғ.З. Таубаеваның қатысуымен кезекті онлайн-кездесу өткізілді.


Кездесу барысында департамент директоры тыңдаушыларды 90 жылдық тарихы бар университеттің тыңдаушылары атануларымен құттықтай отырып, оқу үдерісі күрделі процесс екеніне және оқу үдерісінің заман талабына сай өзгертіліп отыратына тоқталып өтті. Факультет деканы Ғ.З. Таубаева ЖОО білім алушылардың семестр барысындағы академиялық күнтізбеге сәйкес аралық бақылаудың өткізілу жолдарын түсіндіріп, университеттің академиялық саясаты мен Академиялық адалдық кодексіне тоқталып өтті.

 

Тыңдаушылар кері байланысқа шығып, өздерінің ойларында жүрген оқу үдерісіне қатысты сұрақтарына эдвайзерлер мен оқытушылардан толыққанды жауап алды.

 

Биология және тілдік дайындық тобының тыңдаушысы Қалдаяқ Арайлым осындай ЖОО-на дейінгі дайындық бөлімінің бар екенініне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ-ға оқуға түсуге мүмкіншілік бар екеніне тоқталып, оқытушыларға үлкен алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу