қазақша · русский · english
   
15.05.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ-ға қош келдіңіз!

 

2020 жылдың 13 мамыры Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультеті шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы «Талапкер-2020» кәсіби онлайн-кездесу өткізді. Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №2 Қарғалы мамандандырылған гимназиясының 10-11 сынып оқушылары мен педагогтері, Халықаралық қазақ-қытай тілдік колледжі мен «Жаңа мектеп» (Алматы қаласы) өкілдері аталмыш іс-шараның қонақтары болды. Кездесу қатысушыларына арнап сөз сөйлеген кафедра меңгерушісі Сәуле Бегалиева Абай атындағы ҚазҰПУ-дың отандық педагогика ғылымының дамуы мен жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлаудағы орталық болып табылатындығын атап өтті.

 

Кездесу барысында кафедра оқытушылары қазіргі қоғамдағы мұғалім кәсібінің маңыздылығын, мемлекеттің педагог мәртебесін көтеруге көп көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Аталмыш іс-шара барысында қонақтарға Абай атындағы ҚазҰПУ-да оқытылатын мамандықтар, Қабылдау комиссиясының жұмысы туралы ақпараттар берілді.

 

Кездесуге шақырылған педагогтер мен білім алушылар университетке түсу ережелері, оқуға грант ұтып алу мүмкіндіктері және шығармашылық, спорттық қабәлеттерді жүзеге асыру үшін қандай жағдайлар жасалғандығы туралы сұрақтар қойды. № 2 Қарғалы мамандандырылған гимназиясының, Халықаралық қазақ-қытай тілдік колледжі мен «Жаңа мектеп» өкілдері әрмен қарай Абай атындағы ҚазҰПУ-мен ынтымақтастық орнатуға қызығушылықтары бар екендіктерін білдіріп, аталмыш кездесуді ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыс білдірді.

 

Кафедра оқытушылары Қазақстандағы алғашқы ЖОО жаңа студенттермен толығып, мақтанышпен «Мен - Абай атындағы ҚазҰПУ түлегімін» деп айтады деген үміт білдірді.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу