қазақша · русский · english
   
06.03.2020

Ресейлік ғалыммен кездесу


2020 жылдың 5 наурызында Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі даярлық факультетіне (Foundation) қарасты ш етелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар кафедрасын да Ресей халықтар достығы университетінің (Ресей) гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің орыс тілі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Владимир Павлович Синячкинмен кездесу өтті.


Алдымен профессор кафедраның шетелдік докторанттарымен олардың зерттеу тақырыптары бойынша кеңес өткізді. Содан кейін кездесу бейресми түрдегі шай ішуге жалғасты. Профессор орыс тілін шет тілі ретінде орыс мәдениетінің құндылықтар жүйесі арқылы оқыту тәжірибесімен бөлісіп, тіл фактілерін зерделеуде инновациялық және лингвомәдени тәсілдерді интеграциялау қажеттілігі туралы айтты.


Факультет деканы Галия Таубаева осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті , өйткені бұл кәсіби тәжірибе мен серіктес жоғары оқу орындары арасындағы мәдени және ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.


Оқытушылар профессорға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта ынтымақтастық орнатуға ниетті екендіктерін білдірді.

 

   

 

   

 




Кері оралу