қазақша · русский · english
   
30.12.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы Жастар жылы

 

Жастар жылы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен жас ұрпақты жан-жақты дамытуға бағытталған көптеген жобалар жүзеге асырылды.

 

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының шетел студенттері аталған іс-шараларға белсене қатысты. «Студенттер қатарына қабылдау» мерекесі, КВН чемпионатында, «JETISÝ ARBA BÁIGESI» халықаралық жарысы, «От зарождения-до наших дней» интерактивті шоуы, университеттің спорттық іс-шаралары жақсы естеліктер мен жағымды әсер қалдырды. Университеттің КВН чемпионатында Қытай командасы 1-ші орынға ие болып, 20 000 тенге - ақшалай сыйлық алды; «JETISÝ ARBA BÁIGESI» жарысының бірінші халықаралық марафонында Қытай командасы 3-ші орынға ие болып, «ALTYN KERUEN CUP» кубогымен марапатталды; Университеттік спартакиадада Гана студенттері 2-ші орынға ие болды және 10 000 теңге - ақшалай сыйақы алды. Египет, Қытай, Корея, Филиппин, Венесуэла студенттерінің интернационалдық командасы 2-ші орынға ие болды. Жыл қорытындысы бойынша шетел студенттері үздік деп танылып, 80 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды. Қытай, Корея, Мадагаскар, Египет, Бангладеш, Гана, Нигерия, Филиппин, Венесуэла, Конго, Либерия, Түркия, Түркмения, Өзбекстан студенттері тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ишпекбаевқа университеттің тәрбие іс-шараларына шетелдік студенттерді тартқаны үшін ерекше алғыстарын білдіреді.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу